Шымкентте фельдшерлер видеожетон тағып жүреді

80

Құрылғылар SOS батырмасы және геолокациямен жабдықталған.  

Шымкентте фельдшерлер видеожетон тағып жүреді Фото: narkesken.kz

Шымкенттегі жедел жәрдем бригадаларының фельдшерлері видеожетон тағады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Маманның кезекшілігі аяқталғаннан кейін жазбалар автоматты түрде базаға жүктеледі. Пилоттық жоба сала қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған.

Жалпы биыл елде 50-ден астам медицина қызметкеріне шабуыл жасалған. Жедел жәрдем көлігі кезекті шақыртуға асығып барады. Олар үшін әр минут маңызды. Науқастың жанын аман алып қалуға асыққан дәрігерлер кейде өз басын қатерге тігіп жатады. Енді ақ халаттылардың қауіпсіздігі мен сапалы медициналық көмек көрсетуі үшін осындай видеожетондар беріліп жатыр.

Видеожетон жедел жәрдем бригадаларының жұмысын қадағалауға мүмкіндік береді. Ал, жергілікті билік жылдың соңына қарай толық қамту жоспары бар екенін айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу