Шымкентте газ таратушы желілер жаңғыртылды

996

Шымкентте газ таратушы желілер жаңғыртылды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы - Шымкентте газ таратушы желілерді қайта жөндеу мен жаңғыртудың кезекті сатысы аяқталып, ел игілігіне берілді.

Шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ бас директорының орынбасары Ғалым Айдосов, бизнес құрылымдар мен БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"ҚазТрансГазАймақ" акционерлік қоғамы қазіргі таңға облыстағы 300 мыңға жуық абонентті газбен қамту қызметін жүргізіп отыр. Аталған мекеме ұжымымен көгілдір отынмен қамтудағы Кеңес Үкіметі кезінде салынып, тозығы жеткен құбырларды, қондырғыларды жаңарту арқылы халыққа сапалы газ беру мақсатында соңғы 6 жылда 33 млрд. теңге инвестициялық қаржыға "Шымкент қаласының газ тарату желілерін қайта құру мен модернизациялау" бағдарламасы жүзеге асырылды. Жалпы инвестициялық қаражаттар есебінен 2390 шақырым газ құбырлары жаңартылған. Нәтижесінде 2017 жылдың 1 қаңтарына құбырлардың тозығы жетуі 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 60 %-дан 19 %-ға төмендетіліп отыр", - деді облыс әкімі.

Мұнан бөлек, аймақ басшысы 2013 жылы Түркістан қаласына №15 автоматты газ тарату станциясының (әрі қарай АГТС), 2015 жылы Бәйдібек, Созақ аудандарын газдандыруға №18 "Шалдар" АГТС құрылысының акционерлік қоғам қаражаты есебінен аяқталып іске қосылғанын айтты. Нәтижесінде, бүгінгі таңда Түркістан шаһары мен Шаян елдімекендері газбен қамтылып жатыр деді облыс әкімі.

2009-2016 жылдар аралығында бюджет есебінен елді мекендерді газдандыру саласына 65 млрд. теңге қаражат жұмсалып 203 елді мекенге көгілдір отын жетті. Нәтижесінде, 2016 жылдың қорытындысымен қосымша 25 елді мекен газға қосылып, облыс бойынша жалпы 300 елді мекен (35,5%) немесе 1 755 306 халық (61,8%) табиғи отынмен қамтылғалы отыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу