Шымкентте халықаралық инвестициялық хаб құрылмақ

581

 Шымкентте халықаралық инвестициялық хаб құрылмақ

ОҚО-дағы "Оңтүстік" аймақтық инвестициялық орталығы мен сингапурлық қаржылық компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызмет. 
Меморандумға қол қоюдағы мақсат -  орталық  жобаларына шетелден инвестиция тарту және экспорттық әлеуетті дамыту.
Сингапурдың инвестициялық қорларының атынан жұмыс жүргізетін компания Таиланд, Монғолия және басқа да Азия елдерінде инвестиция тарту бойынша айтарлықтай тәжірибеге ие. 
Осы орайда жетекші инвестициялық қорлардың халықаралық қаржы ресурстарына қол жеткізуі үшін компаниялардың қаржылық дайындығының деңгейін кезең-кезеңмен дамытуға мүмкіндік тумақ. Сондай-ақ, қарызды қаржыландыру немесе үлестік қатысу арқылы компанияны қаржыландыру және де Шымкентте халықаралық инвестициялық хаб құру мүмкіндігі қаралуда. 
Бүгінде  ОҚО жаңа қаржы көздерін дамыту бойынша ең белсенді әрі жетекші бизнес орталығы болып табылады. Осының аясында меморандумның шарттарын іс жүзінде жүзеге асыру шеңберінде шетелдік инвесторларға таныстыру үшін облыстың  100 бизнес және әлеуметтік жобасын іске асыру жоспарлануда. 
Айта кетейік, "Ric on export" экспорттық әлеуетті дамыту бағдарламасының аясында қос тарап  өңіріміздің  экспортталатын өнімдеріне Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан сұранысқа ие жобаларға инвестиция салу мәселесін зерттеу ісі қолға алынбақ.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу