Шымкентте ірі есірткі арнасы жойылды

1162

Шымкентте ҰҚК департаментінің қызметкерлері Қазақстанға есірткінің ірі партияларын жеткізуге қатысы бар деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шымкентте ірі есірткі арнасы жойылды

"2022 жылғы 18 наурызда Шымкент қ. ҰҚК департаментінің қызметкерлері Қазақстанға есірткінің ірі партияларын жеткізуге қатысы бар деген күдікпен "С" деген азаматты ұстады.Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан  10 килограмнан артық жоғары сапалы ауған гашиші алынды", деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Алынған есірткінің "қара нарықтағы" алдын ала құны 50 млн теңгеден асады.

Сотқа дейінгі тергеу материалы ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу