Шымкентте қала көшелеріне 4 млн гүл егіледі

171

Биыл көктемде қала гүл өсіру бойынша рекорд орнатпақ.   

Шымкентте қала көшелеріне 4 млн гүл егіледі Фото: otyrar.kz

Қазір оларды гүлзарларға егу жұмыстары пысықталып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Гүл егу жұмыстары наурызда басталады. Көшеттер орталық көшелер мен саябақтарға, скверлерге сән бермек.

Шырайгүл, барқытгүл, сәлбен – бәрі де көктемде қала көшелеріне өң беріп, шырайын ашады. Қазір егуге әзірленіп жатыр. Әр көшеттің күйі күнделікті бақыланады. Суарылып, тыңайтқыш беріледі. Температурасына баса назар аударылады. Биыл гүл өсірушілер рекордтық көрсеткішке қол жеткізуді жоспарлап отыр.

Жалпы жасыл желектің жағдайын 6 мердігер мекеме қадағалайды. Гүлдерді өз қаражатына егіп, кейін бюджет есебінен маусым бойы күтіп-баптайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу