Шымкентте қаласында скутер мен автобус соқтығысып, бір адам қаза тапты

181

Апат кезінде автобуста жолаушылар болған. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкентте қаласында скутер мен автобус соқтығысып, бір адам қаза тапты Фото: inbusiness.kz

Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 16:30-да Гагарин көшесінде болды. Шамамен 50 жастағы скутер жүргізушісі рульдің істен шығуына байланысты №126 бағыттағы автобуспен соқтығысқан.

Куәгерлер жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін бірден шақырған. Алайда дәрігерлер зардап шеккен адамға көмектесе алмады. Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу