Шымкентте кәріз құдығына түскен бала құтқарылды

134

ТЖМ қызметкерлері жеткіншекті құтқарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.    

Шымкентте кәріз құдығына түскен бала құтқарылды Фото: canva.com

Абай ауданында Хантәңір көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінің маңында 2016 жылы туған бала доппен ойнап жүріп, абайсызда кәріз шұңқырына түсіп, су өткізу құбырына аяғын қыстырып шығара алмай қалған.

"ТЖМ құтқарушылары баланың аяғын құбырдан шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады", - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу