Шымкентте кәсіпкерден 10 млн теңге талап еткен екі күдікті ұсталды

289

Оқиға қалалық базарлардың бірінде болған.

Шымкентте кәсіпкерден 10 млн теңге талап еткен екі күдікті ұсталды Фото: Бейнежазбадан

Шымкентте кәсіпкерді қорқытып, одан 10 млн теңге талап етті деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, ет өнімдерін тасымалдау кезінде тауар бүлініп, тараптар арасында шығынды өтеуге байланысты дау туған.

Полицияның хабарлауынша, күдіктілер кәсіпкердің жүк көлігінің кілтін алып қойып, одан 10 млн теңге талап еткен. Ақша бермеген жағдайда көлікті иесімен бірге өртеп жіберетіндерін айтып қорқытқан.

"Полиция департаментінің қызметкерлері ҰҚКД-мен бірлесіп жүргізген жедел іс-шара барысында күдіктілер талап етілген соманың 5 млн теңгесін алып жатқан жерінен ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өз бетінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады полиция.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу