Шымкентте кәсіпкерлерден заңсыз өндірілген 260 млн теңге қайтарылды

392

Кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.    

Шымкентте кәсіпкерлерден заңсыз өндірілген 260 млн теңге қайтарылды Фото: Malim.kz

Қала прокуратурасының мәліметінше, талдау барысында жергілікті атқарушы органдар тарапынан бірқатар заңсыздықтарға жол берілгені анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, 4286 кәсіпкерге мемлекеттік бақылау нәтижесінде алдын ала ескерту берілмеген. Соның салдарынан олар заңбұзушылықтарды өз еркімен жою мүмкіндігінен айырылған.

Сонымен қатар жарнамаға жатпайтын 127 нысан сыртқы жарнама ретінде тіркеліп, оларға төлем есептелген. Бұдан бөлек, сыртқы жарнама нысанын орнатпаған 115 адам да негізсіз төлем төлеушілер қатарына енгізілген.

Прокуратура мәліметінше, осының салдарынан кәсіпкерлерге жалпы сомасы 260 млн теңге заңсыз есептелген.

Прокурорлық қадағалау актілерінен кейін бюджетке өндірілген қаражат кері қайтарылып, 2571 кәсіпкер мен жеке тұлғаның құқықтары қорғалды.

Сондай-ақ заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу