Шымкентте кір жуғыш ұнтақ шығаратын астыртын цех анықталды

332

Контрафактілік өнімнің салмағы 1 тоннадан асқан.  

Шымкентте кір жуғыш ұнтақ шығаратын астыртын цех анықталды Фото: inbusiness.kz

Шымкентте кір жуғыш ұнтақтарын заңсыз дайындаған жасырын цех анықталды. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Биылғы 10 наурызда Шымкент қаласының Әділет департаменті Полиция департаментінің көмегімен Қаратау ауданының аумағында белгілі брендтердің жалған кір жуғыш ұнтақтарын дайындау бойынша заңсыз цехты анықтады. Тексеру барысында "Ariel AQUA PUDRA" қаптамасындағы кір жуғыш ұнтақ - 102 бірлік (салмағы 1 бірлік үшін 10 кг), "Tide AQUA PUDRA color" қаптамасындағы кір жуғыш ұнтақ - 20 бірлік (салмағы 1 бірлік үшін 9 кг), "Миф AQUA PUDRA" орау материалы - 50 дана тәркіленді. Алынған контрафактілік өнімнің жалпы салмағы 1 тоннадан асты", - деді ол Әділет министрлігінің кезекті баспасөз конференциясында.

Талғат Уәлидің дерегінше, "Procter & Gamble" компаниясы тауар белгілерінің құқық иесіне келтірілген белгіленген залал негізінде азамат М-ге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған.

Қазір әкімшілік іс Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу