Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың 40 күндік асы берілді

163

Марқұмды еске алуға туған-туыстары, ұстаздары мен қала тұрғындары жиналды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың 40 күндік асы берілді Фото: Бейнежазбадан

Жиналғандар оның оқу үлгерімі жоғары, шығармашылық қабілеті бар және мінезі жұмсақ жан болғанын атап өтті.

Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желіде жазба жариялап, күдіктіні өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті.

– Ешқашан өзімнің туған қарындасымның "қырқын" жасаймын деп ойламаппын. Шуағын енді шашайын деп тұрған шағында өмірінің жібі үзілді дегенге сенгім келмейді. Өмірдің бұлай өзгеруі отбасымыз үшін өте ауыр жағдай. Бірақ бұл істі аяғына дейін жеткізу үшін бар күшімізді саламыз. Құдай ондай адамдарды о дүниеде қинайтын болса, біз бұл дүниеде олардың істеген зұлымдығын мойнымен көтергіземіз, – деп жазды ол.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты іс Қылмыстық кодекстің "Аса қатыгездікпен адам өлтіру" бабы бойынша қайта сараланды.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу