Шымкентте қойма өртеніп, 2 адам зардап шекті

298

Оқиға салдарынан екі адамның денесін күйік шалып, ауруханаға жатқызылды.  

Шымкентте қойма өртеніп, 2 адам зардап шекті Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Өрт 25 маусым күні Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы Исфиджаб тұрғын алабында орналасқан жеке қоймалар аумағында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шымкентте құтқарушылар жеке қоймалар аумағында шыққан ірі өртті толық сөндірді.

Тілсіз жау қоймалардың шатырын, жүк көлігінен төгілген дизель отынын және нысан аумағында сақталған резеңке бұйымдарды шарпыған. Өрт ошағына жақын жерде дизель отыны құйылған жүк көлігі тұрған.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің 56 қызметкері мен 30 техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар оқиға орнында Апаттар медицинасы орталығының мамандары жұмыс істеді.

"Өрт шыққан жердің дәл маңында дизель отыны құйылған жүк көлігі тұрған. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалынның әрі қарай таралуына жол берілмей, өрт толықтай сөндірілді", – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу