Шымкентте көлік өртіне қатысты 78 жағдай тіркелді

175

Отқа оранғандардың дені – ескі автокөліктер.  

Шымкентте көлік өртіне қатысты 78 жағдай тіркелді Фото: instagram/kris.p.almaty.official

Былтыр 45 автокөлік жанса, биылғы көрсеткіш қазірдің өзінде 78-ге жеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты қалалық ТЖД сілтеме жасап.

Оңтүстік өңірдегі ыстық ауа райы жағдайды ушықтырып тұрған көрінеді.

"Тіркелген 78 жағдайдың 48 пайызы 1990-2000 жылдары шығарылған көліктерге тиесілі. Өрт оқиғаларының көбеюіне автокөліктердің ескіре бастауы әсер етіп отыр. Әсіресе ескі машиналардың сымдары тозғандықтан өрт шығу қаупі жоғары", – деді ТЖД бастығының орынбасары Сергей Огай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу