Шымкентте көлік терезесінен қоқыс лақтырған 34 жастағы жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға әлеуметтік желіде жарияланған видеодан кейін анықталды. Кадрларда автокөлік жүргізушісінің салоннан терезе арқылы қоқыс лақтырғаны көрінеді.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол – Түркістан облысының 34 жастағы тұрғыны.
Азаматқа қатысты қоғамдық орынды ластау дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен оған 10 АЕК айыппұл салынды.
Полиция тұрғындарды тазалық сақтап, қоғамдық тәртіп талаптарын бұзбауға шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу