Шымкентте белгілі асаба есірткіге ұқсас затпен ұсталды

402

Шымкенттегі қонақ үйлердің бірінде полиция 36 жастағы Астана тұрғыны, белгілі асабаны ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкентте белгілі асаба есірткіге ұқсас затпен ұсталды Фото: polisia.kz

Тінту кезінде оның бөлмесінен ақ ұнтақ пен өсімдік тектес зат табылған. Ер адам олардың мефедрон және "мак" екенін айтып, жеке қолдану үшін алғанын мәлімдеген.

Алдын ала мәлімет бойынша, оның жанында интимдік қызмет көрсететін әйел болған.

Қазір тәркіленген заттардың нақты құрамы мен мөлшері анықталып жатыр. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу