Шымкентте көпқабатты үйден өрт шығып, зейнеткер қаза тапты

208

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Шымкентте көпқабатты үйден өрт шығып, зейнеткер қаза тапты Фото: Видеодан скриншот

Құтқарушылар Шымкенттің Теріскей шағын ауданында 8 тұрғынды, оның ішінде бір баланы сыртқа алып шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Баспананың 4 шаршы метр аумағында заттар өртенген. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сөндіргенмен, апат орнынан 67 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

"Осыған байланысты Әл-Фараби ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы Қылмыстық кодекстің 292-бабы 2-бөлігі бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамау ісіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Қажетті сараптамалар тағайындалып, Қылмыстық-процестік кодекс талаптарына сәйкес тергеу жүріп жатыр", – делінген ТЖД хабарламасында.

ТЖД мәліметінше, құтқарушылар биыл қазан айында дәл осы көпқабатты үйде газ-техникалық қызмет мамандарымен бірлесіп, өрттің алдын алуға және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға арналған профилактикалық-түсіндіру жүргізген.

"Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді. Электр құрылғыларын қосулы күйде қараусыз қалдырмаңыз. Темекі шеккенде сақ болып, толық сөндіргеннен кейін ғана тастаңыз. Өрт шыққанын немесе түтін пайда болғанын байқасаңыз, дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз", – деп мәлімдеді өрт сөндірушілер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу