Көршісін WhatsApp чатта балағаттаған шымкенттік 150 мың теңге төлейтін болды

138

Көршілер чатында айыпталушы өзгенің отбасына қатысты балағат сөздер жазған.

Көршісін WhatsApp чатта балағаттаған шымкенттік 150 мың теңге төлейтін болды Фото: shutterstock.com

Қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотта қала тұрғынының көршілеріне моральдық зиянды өтеу туралы берген арызы бойынша іс қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шымкент қаласының тұрғыны WhatsApp-тағы көршілердің чатында өзінің және отбасының атына жазылған сөздерді байқап, көршілерін сотқа береді.

"Талап қоюшының айтуынша, жауапкерлер үйдің ортақ WhatsApp чатында оның және отбасының атына қатысты былапыт сөздер қолданған", – делінген сот хабарламасында.

Сотта тараптар медиациялық келісімге келген. Талап қоюшы талап-арызынан бас тартқан, ал жауапкерлер талаптарды мойындап, оған мамыр айының соңына дейін 150 000 теңгеден төлеуге міндеттелді.

Сот бұл келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты, сонымен қатар талап қоюшыға төлеген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу