Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын көшеде ұрып-соққан

66

Бейнежазба әлеуметтік желіде таралды.        

Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын көшеде ұрып-соққан Фото: Бейнебақылау камерасынан скриншот

Шымкентте 10-сынып оқушысы 5-сынып оқушысына күш көрсеткен. Қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бейнежазбада көрсетілгендер көрші тұратын 10-сынып және 5-сынып оқушылары екені анықталды. Оқиғаның барлық қатысушылары ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді. Тексеру барысында оқиғаға дейін кәмелетке толмағандар арасында жанжал орын алғаны белгілі болды. Осыдан кейін 10-сынып оқушысы оны көшеде кездестіріп, күш қолданған", – деп хабарлады Шымкент қаласы ПД.

10-сынып оқушысының ата-анасы бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу