Шымкентте көзбояшылықпен қоқыс жинағандар жұмыстан босатылды

1584

Суретке түсу үшін көшеге қоқыс шашып, қайта жинаған үшеудің әрекеті көпшіліктің ашуын келтірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкентте көзбояшылықпен қоқыс жинағандар жұмыстан босатылды Фото: бейнеден

Оқиға Шымкент қаласының Тұран ауданында болған.

Әкімдік үш қызметкердің жұмыстан босатылғанын хабарлады.

"Коммуналды мекеме қызметкерлері Темірқазық көшесі бойын қоқыстан тазартты. Алайда аталған аумақта қызметкерлер өз тараптарынан қоқыс тастап, фотоға түсірген. Қазіргі уақытта видеодағы үш қызметкер жұмыстан босатылды. Сондай-ақ жауапты бөлім басшысына қатаң ескерту берілді", - делінген ақпаратта.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу