Тергеу барысында жалпы құны 13 миллион теңгені құрайтын 868 қорап аяқ киім тиелген жүк көлігінің белгіленген бағыттан ауытқығаны анықталды.
Көлікке жүргізілген тексеру кезінде тауардың толық емес екені белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жүргізілген жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде жүк көлігі Шымкент қаласы аумағынан анықталды. Оның ішіндегі тауар айғақты зат ретінде тәркіленіп, заңда белгіленген тәртіппен иесіне қайтарылды.
Кәсіпорынға келтірілген материалдық шығын толық көлемде өтелді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша күдікті анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу