Шымкентте құны 3 млн теңге болатын вейптер тәркіленді

102

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.  

Шымкентте құны 3 млн теңге болатын вейптер тәркіленді Фото: polisia.kz

Шымкентте полиция қызметкерлері вейптерді заңсыз сатумен айналысқан ер адамның заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Профилактикалық іс-шаралар барысында күдіктінің вейп өнімдерін мессенджерлер арқылы жарнамалап, сатқаны белгілі болды. Онлайн жарнама оған тұтынушыларды тартуға және тауарды кеңінен таратуға мүмкіндік берген.

Тексеру барысында ер адамнан жалпы құны 3 миллион теңгеден асатын 332 электрондық тұтыну жүйесі анықталып, тәркіленді.

Полиция электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз айналымы мен сатылуы құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында екенін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу