Шымкентте Құрылтай сайлауы күні 51 сәби дүниеге келді

350

Оның 26-сы – қыз бала, 25-сі – ұл бала. Сондай-ақ бір егіз дүниеге келді.

Шымкентте Құрылтай сайлауы күні 51 сәби дүниеге келді Фото: canva

Бүгін, Құрылтай сайлауы өтіп жатқан күні, Шымкент қаласында 51 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі таңда дүниеге келген сәбилер мен аналардың жағдайы жақсы. Ана мен балаға тиісті медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлер олардың денсаулығын жіті бақылауда ұстап отыр.

Айта кетейік, бүгін таңертеңнен бастап Шымкент қаласындағы перзентханаларда сайлауға қатысу мүмкіндігі ұйымдастырылды. Босанған және босануды күтіп жатқан аналар дауыс беру учаскелеріне барып, өз таңдауын жасады. Ал жүріп-тұруы қиын әйелдер үшін учаскелік комиссия мүшелері палаталарды аралап, дауыс беруге жағдай жасады.

Осылайша, перзентханада жатқан аналар да өздерінің азаматтық құқықтарын жүзеге асырып, ел болашағына қатысты таңдауын жасады.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты төрт медициналық ұйымда босанушы әйелдер үшін дауыс беру мүмкіндігі ұйымдастырылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкент қаласында 14 388 сәби дүниеге келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу