Шымкентте шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тартқандар анықталды

306

15 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шымкентте шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тартқандар анықталды Фото: Polisia.kz

Әл-Фараби АПБ-ның тәртіп сақшылары жалдамалы пәтерлерді, құрылыс алаңдарын, базарлар мен фермерлік шаруа қожалықтарын және шетелдіктердің жүруі мүмкін басқа да орындарды күшейтілген режимде тексеріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұндағы басты мақсат – заңсыз көші-қон жайттарының алдын алу, оның жолын кесу, құқықтық тәртіпті нығайту және қылмыс санын азайту. 

Жедел-профилактикалық іс-шараның 9 күнінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 69 шетел азаматына ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Сондай-ақ шетелдіктерді заңсыз еңбекке тартқаны үшін 15 жұмыс беруші әкімшілік кодекстің 519-бабымен жауапқа тартылды. 

Айта кетейік, халықаралық "Наемник" жедел-профилактикалық іс-шарасы 11-30 қыркүйек аралығында жалғасады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу