Шымкентте май шығаратын зауытта жарылыс болып, жұмысшы қайтыс болды

1166

Шымкентте май шығаратын зауытта жарылыс болып, жұмысшы қайтыс болды

Шымкентте жағармай материалдарын шығаратын зауытта май тиелген КамАЗ көлігі жарылды. Бір адам қайтыс болып, күйік шалған екі адам ауруханаға жатқызылды, деп жазады otyrar.kz.

ОҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға "HILL Corporation" зауытының май құю станциясында болды.  КамАЗ-дардың біріне май құю барысында жарылыс болып, өрт шыққан. Станциясының операторы, 1991 жылы туған ер адам оқиға орнында қайтыс болды, зауыттың 1985 жылы туған жұмысшысы мен 1967 жылы туған жүргізушіні күйік шалды.

Зардап шеккендердің екеуі де күйік бөліміне жатқызылды. Бір жұмысшының денесін  80 % күйік шалған.

101 пультіне жедел хабар  сағат 20:09-да түсті, деп хабарлады ТЖД. Өрт сөндірушілер дереу жетіп, өртті сөндірген. Айтуларынша, айтарлықтай өрт ошағы болмаған, жарылыстан соң, май жанып, алайда жалын көп тарамаған.

Оқиға орнында жеке құрамның  45 қызметкері жұмыс істеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу