Шымкентте мефедронның ірі партиясы тәркіленді: күдікті ерлі-зайыпты ұсталды

210

Көлікті тексеру кезінде жүксалғыштан жалпы салмағы екі келіге жуық мефедрон салынған 4 орама табылды.  

Шымкентте мефедронның ірі партиясы тәркіленді: күдікті ерлі-зайыпты ұсталды Фото: polisia.kz

Шымкентте полиция ерлі-зайыптылардан мефедронның ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкент қаласында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері өңіраралық есірткі тасымалдаушыларды ұстады. Қарағанды қаласының 48 жастағы тұрғыны мен оның 37 жастағы жұбайы жеке көлікпен синтетикалық есірткінің ірі партиясын Алматыдан Шымкент қаласына жеткізіп, оларды еліміздің оңтүстік өңірлерінде одан әрі таратуды көздеген.

Ұсталғандардың телефондарын тексеру барысында интернет есірткі дүкенінің кураторымен жазысқан хат-хабарлар анықталды. Сол арқылы олар есірткіні тасымалдауға қатысты тапсырмалар алып отырған.

Қамқорлығында кәмелетке толмаған 3 баласы болуына қарамастан ерлі-зайыпты заңсыз табыс табу жолын саналы түрде таңдаған. Жауап алу барысында ұсталғандар бәрін мойындаған.

Медициналық куәландыру ер адам каннабис тобына жататын есірткі пайдаланғанын растаған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу