Шымкентте мектепте газ баллонынан 41 адам уланып қалды

1040

Шымкентте мектепте газ баллонынан 41 адам уланып қалды

Шымкентте №55 мектепте газ баллонын шашу салдарынан 41 адам зардап шекті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

ОҚО ІІД баспасөз қызметінде хабарлағандай, Абай ауданында Шымкент қаласының №55 мектебінен  уланғандар туралы ақпарат түсті. 33 оқушы мен 5 мұғалім және техникалық жұмысшы көздерінен жас ағып, бастары ауырып, тамақтары жыбырлағандарын айтып шағымданған.  Полицейлер баллонды 10-сынып оқушысы шашқанын анықтады.

Жасөспірім баллонды көшеден тауып алған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алайда полицияда газ баллонын ұстау заңға қайшы болып саналмайтынын атап өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу