Шымкентте мұғалім 7 жасар оқушыға тиіскен деген күдікпен ұсталды

312

Шымкент полиция департаментінің мәліметінше, баланың анасының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалған.      

Шымкентте мұғалім 7 жасар оқушыға тиіскен деген күдікпен ұсталды Фото: gov.kz

7 жасар оқушының сөзінен кейін мұғалім ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жәбірленушінің анасының айтуынша, оқушы үйіне келгенде 36 жастағы мұғалім тізесіне отырғызып, ерсі әрекет жасағанын жеткізген.

"Құқыққа қарсы әрекетті жасады деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір жедел тергеу тобы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәгерлер мен өзге де тұлғалардан жауап алынып жатыр. Барлық уәж тексеріліп, жиналған материалдар мен дерек жан-жақты талданады", – делінген полиция хабарламасында.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицияда тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу