Шымкентте музыкалық субұрқақ іске қосылды

444

Shymkent City саябағында мегаполистің көркін ашатын жаңа заманауи музыкалық субұрқақ іске қосылды.  

Шымкентте музыкалық субұрқақ іске қосылды Фото: Видеодан скриншот

Мереке аясында ашылған жаңа субұрқақ лазерлік жарықпен және бейнепроекциямен жабдықталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сәулетті нысан шырайлы қаланың жарқын символының біріне айналары сөзсіз. Ол – заманауи талаптарға сай жасалған жоғары технологиялы мультимедиалық кешен.

"Субұрқақ кешкі уақытта жұмыс істейді. Алдағы уақытта техникалық мүмкіндіктері кезең-кезеңімен жетілдірілетін болады. Сәулеттік туынды тек қаланың көркін ашып қана қоймай, серуен құрып, отбасымен демалуға арналған жаңа жайлы орынға айналатынына сеніміміз мол және шырайлы қаланың жарқын символының біріне айналары сөзсіз", – делінген Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу