Шымкентте нан қымбаттады

1522

Себебі ұн бағасы көтерілген.

Шымкентте нан қымбаттады

Шымкентте ұн қымбаттап, нан бағасы 10 теңгеге көтерілді. Бұл туралы "Нан" нан пісірушілер ассоциациясы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбдімәлік Көмекбаев айтты, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.

Оның айтуынша, наубайхана иелері бөлке нанның бағасын көтеру туралы мәселені бір ай бұрын қозғаған.

"Біз есебімізді көрсетіп, қалалық әкімдік пен монополияға қарсы органға бағаны көтеру қажет екенін дәлелдедік. Жыл басынан бері бір қап ұнның бағасы 1 мың теңгеге көтеріліп, қазір 5,2 мыңға жетті. Егер баға 5,5 мыңға дейін жетсе, біз әлеуметтік нан бағасын 70 теңге айналасында ұстап тұра алуымыз мүмкін, ал егер асып кетсе, онда нан қымбаттайды" – дейді ол.

Шымкентте қалыптағы нан бағасы соңғы рет өткен жылдың күзінде қымбаттап, 60 теңгеге жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу