7-14 ақпан аралығында Шымкентте нысана көздеуден командалық ел біріншілігі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Еліміздегі ең үздік командаларды анықтайтын додаға жалпы есебі жеті аймақтан спортшылар қатысады. Атап айтар болсақ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Жамбыл облыстарынан командалар бас қосады.
Турнирге жалпы есебі 120 спортшы қатысады деп күтілуде.
 
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу