Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, іс ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 2-бөлігі, 8-тармағы бойынша қаралған.
Сабақ кезінде оқушы кабинет есігін бірнеше рет қаққан. Сол сәтте мұғалімнің әрекеті құқық қорғау органдары тарапынан заңға қайшы деп танылды. Айыпталушының кінәсі куәгерлердің айтуымен, бейнематериалдармен және оның өз түсініктемесімен дәлелденді.
Мемлекеттік айыптаушы қамау түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Зардап шеккен тараптың өкілі де қатаң жаза қолдануды талап етті.
Сотталушы өз кінәсін мойындап, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жеңіл жаза тағайындауды өтінген. Сот оның кінәсін мойындағанын жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріп, ауырлататын жағдай таппады.
Нәтижесінде сот мұғалімді кінәлі деп танып, оған 25 тәулікке қамау жазасын белгіледі.
Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.