Шымкентте орыс сыныптарына сабақ беретін мұғалімдер жетіспейді

Мұндай мәліметті Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақов айтты.   

Шымкентте орыс сыныптарына сабақ беретін мұғалімдер жетіспейді Фото: Informburo.kz

Оның сөзінше, педагог тапшылығы қала әкімінің жоғары оқу орындарына бөлетін гранттары арқылы шешімін табады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Шымкентте орыс сыныптарына сабақ беретін химия, биология, география және тарих пәні мұғалімдері жетіспейді. 

– Пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі бар. Атап айтқанда, орыс сыныптарына сабақ беретін химия, биология, география және тарих пәні мұғалімдері тапшы. Қазақ тілінде білім беретін мектептерде мұндай мәселе жоқ, – деді ол.

Бұған дейін былтыр Қазақстанда қанша педагогтың тегін баспанамен қамтылғаны белгілі болған еді. 

Сондай-ақ, мектепке конкурссыз қабылданатын мамандар легі анықталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу