Шымкентте өз баласын пышақтап өлтірген әке мәжбүрлеп емделетін болды

293

Ер адамға Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) айып тағылды. 

Шымкентте өз баласын пышақтап өлтірген әке мәжбүрлеп емделетін болды Фото: freepik

Шымкентте отбасылық жанжал кезінде туған баласын пышақтап өлтірген ер адам психиатриялық стационарда мәжүрлі түрде емделетін болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қылмыстық іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық сот отырысында қаралды. Ер адамға Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) айып тағылды.

Оқиға 2024 жылдың 30 қарашасы күні сағат 20:00 шамасында болған.

Қалалық сот мәліметінше, психикалық аурумен ауыратын ер адам спирттік ішімдік ішкен. Мас халде өз үйінде туған ұлымен жеке бас араздықтың салдарынан пайда болған ерегіс кезінде асханалық пышақпен баласына бірнеше рет жарақат салған. Алған жарақат салдарынан 28 жастағы жігіт қайтыс болған.

Сот сараптамаларымен, заттай дәлелдемелермен және куәлердің жауабымен оның кінәсі дәлелденген.

Сот отырысында прокурор айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, бірақ қылмыстық жауаптылықтан босатып, психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдануды сұрады.

Жәбірленуші мен қорғау тарабы прокурордың осы ұстанымымен келісті.

"Сот оның қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болғанына байланысты қоғамдық қауіпті әрекетті жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатып, оған интенсивті байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу шарасын қолданып, қылмыстық істі өндірістен тоқтатты. Қаулы заңды күшіне енген", - делінген қалалық сот мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу