Шымкентте өзбек халқының тілі, мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге арналған фестиваль ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық корпус өкілдері, этномәдени бірлестіктер мүшелері, жастар мен қала тұрғындары қатысты.
Фестиваль аясында ұлттық өнер көрмелері өтіп, көрермендер Абай Құнанбайұлы мен Әлішер Науаидың шығармашылығына арналған театрландырылған қойылымды тамашалады.
Сондай-ақ мерекелік бағдарламада Қазақстан мен Өзбекстанның өнерпаздары ән айтып, би биледі.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық мәдени мұраны сақтау, ана тілін дәріптеу және этносаралық татулықты нығайту.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу