Шымкентте өзгенің орнына тест тапсырғандарға үкім шықты

1049

Шымкентте өзгенің орнына тест тапсырғандарға үкім шықты

Шымкентте 19 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады 24Хабар.

Оларға жалған құжат жасау арқылы мемлекеттік қызметке жұмысқа тұрғысы келетін өзге азаматтардың орнына тестке кіріп, сынақ тапсырған деген айып тағылған болатын. Ұйымдасқан топ мүшелері болашақ шенеуніктерге ақылы негізде қызмет көрсетіп келді.

Айыпталушылар бұл әрекеттерін 2013 жылдан бастаған. Олар еліміздің барлық аймағында, яғни Астана мен Алматыдан бастап Ақтөбе, Қызылорда мен Көкшетау және Тараз қалаларында да ақылы қызмет көрсеткен. Осы аралықта олардың көмегімен 148 азамат мемлекеттік қызметке орналасқан.

Істі қараған Әл-фараби аудандық сотының судьясы Еркін Оспанов ұйымдасқан топ мүшелері әрбір әрекеті үшін 2-3 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алып отырғанын айтты.

Топтың жымысқы әрекетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл ұлттық бюросының облыстық департаменті әшкерелеген. Даулы істі қарау өткен жылдың күзде басталған еді. Оларға қатысты ҚРҚК бірнеше бабы бойынша айып тағылған болатын. Топтың жетекшісі ҚР ҚК 262 бабының 1 тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айрылып, дүние-мүліктері тәркіленді. Ал,оның қасында ұйымдастырушылықпен айналысқан екінші азамат та дәл осындай жазаға кесілді. Осы іске қатысы бар тағы алты азамат 5 жылға сотталған. Олар мерзімін жалпы режимдегі түрмеде өтейді. Ал, қалған 11 адамның ісі қысқарды", – деді аудандық соттың судья.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу