Пәтер иесі қалалық газ қызметімен келіспей, газ қауіпсіздігі талаптарын сақтамай, үйін жалға берген, деп жазады inbusiness.kz сайты Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Нәтижесінде, ақауы бар газдан көмірқышқыл иіс шығып, пәтерді жалға алған азамат газға уланып көз жұмады.
2025 жылдың 18 сәуірінде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты азаматшаны ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы ("Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу") бойынша кінәлі деп тауып, 4 жыл шартты жаза тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі.
Бұл жағдай пәтерді жалға беріп, табыс табатын әрбір азаматтың жалға алғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті бар екенін айқындады.
Жауапсыздық пен немқұрайлық ауыр зардаптарға және қылмыстық жауапкершілікке алып соғуы мүмкін.