Шымкентте полицей көлікпен қағып кеткен баланың жағдайы белгілі болды

338

Полиция қызметкері қағып кеткен әйел 7 тамыз күні жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Шымкентте полицей көлікпен қағып кеткен баланың жағдайы белгілі болды

Шымкентте полиция қызметкері көлікпен қағып кеткен кәмелетке толмаған қыздың жағдайы орташа ауыр халде.

Еске салайық, оқиға 3 тамыз күні Байтұрсынов көшесінің бойында болған еді. Тұран аудандық полиция бөлімінің жүргізуші-полицейі жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды – анасы мен қызын қағып кетті. Салдарынан екеуі де түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

7 тамыз күні әйел есін жимастан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Апатқа кінәлі полицей жұмыстан шығарылып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір жасөспірім қыздың жағдайы орташа ауыр. Ол қалалық клиникалық балалар ауруханасында ем қабылдауда.

"Жабық бас-ми жарақатын алған. Бірнеше жерден аяқ-қолы зақымданған. Қазір емдеу хаттамасына сәйкес травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр", - деді Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу