Шымкентте полицейге қол көтерген жасөспірімге үкім шықты

85

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады.

Шымкентте полицейге қол көтерген жасөспірімге үкім шықты Фото: inbusiness.kz

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында билік өкіліне күш қолданды деп айыпталған жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылдың қараша айында жасөспірім тұрғын үй ауласында төбелес туралы шақырту бойынша келген полицияның қызметтік көлігін теуіп, заңды талаптарға бағынбаған. Сондай-ақ ол полиция қызметкерлерінің бірінің бет тұсынан ұрып, дене жарақатын келтірген.

Сотта айыпталушының кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелер жиынтығымен толық дәлелденгені атап өтілді.

Мемлекеттік айыптаушы соттан жасөспірімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші жаза мөлшерін соттың қарауына қалдырды. 

Сот үкімімен кәмелетке толмаған азамат кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу