Шымкентте полицейлер заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты

139

Күдіктілерден ірі көлемдегі ақша және тіркелмеген қару тәркіленді.  

Шымкентте полицейлер заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты Фото: Видеодан скриншот

Ішкі істер министрлігі заңсыз көші-қон арналарын анықтау және жолын кесу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр, хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкент қаласында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырып келген қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Анықталғандай, күдіктілер ақшалай сыйақы үшін шетел азаматтарының ел аумағына келуін ұйымдастырып, оларды заңсыз түрде заңдастырумен айналысқан.

Операция барысында 28 тінту іс-шарасы жүргізілді. Нәтижесінде ондаған шетелдік паспорт, ұйымдастыру техникасы, байланыс құралдары, түрлі бланкілер мен жалған еңбек шарттары тәркіленді.

Сонымен қатар ірі көлемдегі ақша және тіркелмеген қару алынды. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған арнаға қатысы бар 13 адам полицияға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу