Шымкентте салық қызметкері өз-өзіне қол салды

1559

Марқұмның туыстары антикор өкілдерінен күдіктенеді.

Шымкентте салық қызметкері өз-өзіне қол салды

Шымкентте салық комитетінде қызмет еткен ер азамат өз-өзіне қол салды. Марқұмның туыстары бұған сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент қызметкерлерін кінәлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz "Отырар" сайтына сілтеме жасап.

Айтуларынша, 53 жастағы Нұртай Сапарбековты антикор өкілдері қызының жақында ғана алған үйіне қатысты мәселе туындап тұр деп шақыртып, оны 5 сағат сұрақтың астына алған.

Жұбайының айтуынша күйеуі осы тергеуден кейін адам танымастай өзгеріп, көп өтпей өз-өзіне қол салған. Жергілікті полиция бөлімшесіне осы жайт бойынша арызданғанына 40 күннен астам уақыт өтсе де, істе алға жылжу болмай отыр екен.

Іс бойынша арызды қабылдап алған Абай аудандық ішкі істер бөлімшесінің учаскелік инспекторы әуел баста марқұмның отбасына істі тез ашып беруге уәде берген. Бірақ құзырлы органдар тарапынан біраз уақыт хабар болмаған соң, марқұмның әйелі өзі полиция бөлімшесіне барған. Алайда оның шағымына жауап берер бірде-бір қызметкер табылмапты.

Полиция департаменті аталмыш жайтқа қатысты "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді. Бірақ соңғы процессуалдық шешім қабылдау үшін іс антикорлықтарға жолданыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу