Шымкент қаласының Тұран ауданында шаруашылық құрылыстың шатыры мен ескі үй заттары өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өрт аумағы 24 шаршы метрді құрады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, өртті толық сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу