Шымкентте шетелдіктердің жұмыс күшін заңсыз пайдаланған кәсіпкер жауапқа тартылды

117

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері заңсыз миграция арналарының жолын кесу және адам саудасының алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізді.

Шымкентте шетелдіктердің жұмыс күшін заңсыз пайдаланған кәсіпкер жауапқа тартылды Фото: gov.kz

Тексеру барысында кәсіпкерлік нысандарының бірінде 20 шетел азаматы көші-қон заңнамасының талаптарын бұзып, тиісті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп жүргені анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған дерек бойынша құқық бұзушыларға қатысты жинақталған материалдар әкімшілік сотқа жолданды. Сонымен қатар заңсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін кәсіпкерлік нысанының басшысы да жауапкершілікке тартылды.

Жалпы жүргізілген іс-шара барысында Қазақстан Республикасының аумағына кіру, шығу және онда болу қағидаларын бұзудың 100-ден астам дерегі анықталды.

Әрбір жайт бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Полиция шетел азаматтары мен оларды жұмысқа тартатын жұмыс берушілерге көші-қон заңнамасын сақтау міндетті екенін еске салады. Белгіленген талаптарды бұзу заңмен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу