Шымкентте сібір жарасының 3 жағдайы тіркелді

120

Ауруға шалдыққандардың бірі – 14 жастағы бала.

Шымкентте сібір жарасының 3 жағдайы тіркелді Фото: freepik

Екі науқас Шымкент тұрғыны болса, біреуі Түркістан облысы Бәйдібек ауданынан келген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мамандардың айтуынша, науқастар ауруды Түркістан облысында ауыл шаруашылық малдарын сою және өңдеу жұмыстарына қатысу барысында жұқтырған. Сойылған сиыр, қой және лақ етін бөліп, ішек-қарнын тазалау кезінде жұқпаға шалдыққан. Кейіннен олар Шымкентке келіп, медициналық көмекке жүгінген.

"Науқастармен байланыста болған 15 адам медициналық бақылауға алынған. Олардың арасында ауру жұқтыру жағдайы анықталған жоқ. Инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында тиісті қызметтермен бірлесе кешенді эпидемиологиялық және ветеринариялық алдын алу шаралары жүргізілді. Сібір жарасына күдік тудырған ірі және ұсақ мал еті арнайы "Беккари" шұңқырына тасталып, жойылды", – деді Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова.

Қалада эпидемиологиялық және ветеринарлық алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қауіпті топқа жататын 635 адамның 92,4 пайызы сібір жарасына қарсы вакцинамен қамтылған.

Қазіргі таңда Шымкент аумағында сібір жарасы тіркелген 8 стационарлық нүкте бетон қоршаулармен белгіленіп, тұрақты бақылауға алынған. Сондай-ақ, 9 мал қорымы да санитарлық талаптарға сай қадағаланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу