Шымкентте тез еритін кофені гаражда дайындап, сатқандар ұсталды

282

Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Шымкентте тез еритін кофені гаражда дайындап, сатқандар ұсталды Фото: gov.kz

Әділет органдары мен полиция департаменті бірлескен жедел тексерістің нәтижесінде заңсыз цехтың жұмысы тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шымкент қаласында антисанитариялық жағдайда "MacCoffee" 3/1 дайындаған заңсыз цехтың жұмысы әшкереленді.

"Тез еритін кофені "С" есімді азамат кәдімгі гаражда дайындаған. Күмәнді сападағы шикізат дайын қаптармен сатып алынған. Анықталған орында тез еритін дайын 3/1 кофені термотігіс арқылы ыдысқа құю, орау және өзге біреудің тауар белгісін жапсыру жұмыстары жүргізілген", – деп жазылған хабарламада.

Аталған контрафактілік өнім қаладағы шағын дүкендер мен сауда нүктелері арқылы сатылған.

Тексеру нәтижесінде құқық бұзушыдан "MacCoffee"  3/1 тауар белгісі бар 4000-нан астам орама бірлігі, сондай-ақ өндіріс жабдықтары тәркіленді. Осы іске байланысты "С" азаматына қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу