Шымкентте тікелей эфирде жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

308

Шымкент қаласында екі Toyota Camry жүргізушісі көшеде қауіпті жарыс ұйымдастырып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкентте тікелей эфирде жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды Фото: Бейнежазбадан

Олар жылдамдықпен маневр жасап, өзге жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірген. Оқиғаны жүргізушілер әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсеткен.

Полиция әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында аталған заң бұзушылықты анықтады. Қала көшелерін жарыс алаңына айналдырған жүргізушілер көп ұзамай анықталып, автокөліктері тоқтатылды.

Нәтижесінде 20 жастағы екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Екі көлік те айыптұраққа қойылды.

Полиция жол қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін еске салып, заң талаптарын бұзғандарға қатысты тиісті шаралар қолданылатынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу