Шымкентте TikTok-та балағат сөз айтқан 30 жастағы стримерге айыппұл салынды

344

Сот әйелге 20 АЕК айыппұл салды.

Шымкентте TikTok-та балағат сөз айтқан 30 жастағы стримерге айыппұл салынды Фото: Бейнежазбадан

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде TikTok платформасындағы тікелей эфир барысында қоғамдық тәртіпті бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, Шымкентте жүрген Түркістан облысының 30 жастағы тұрғыны Назерке Әділ тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Осы дерек бойынша ұсақ бұзақылық белгілерімен әкімшілік материалдар жинақталып, сотқа жолданды. Сот шешімімен әйелге 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Полиция өкілдері қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін заңнамада жауапкершілік көзделгенін еске салды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу