Шымкентте түнгі уақытта қараусыз жүрген кішкентай екі бала табылды

745

Полицейлер балақайларды көшелерді патрульдеу барысында тапқан.  

Шымкентте түнгі уақытта қараусыз жүрген кішкентай екі бала табылды Фото: Видеодан скриншот/polisia.kz

Шымкент қаласында түнгі кезекшілік кезінде полиция қызметкерлері көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген екі кішкентай баланы байқап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тәртіп сақшылары балаларды патрульдік көлікке отырғызып, “102” арнасы арқылы олардың ата-аналары іздеп жатқанын анықтаған. Көп ұзамай балалардың ата-аналарымен байланыс орнатылып, бүлдіршіндер аман-есен үйіне жеткізілді.

Балаларының аман табылғанына қуанған ата-аналар полицейлерге алғыстарын жеткізді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, балаларды қараусыз қалдырмаудың және олардың қауіпсіздігіне әрдайым жауапкершілікпен қараудың маңызын түсіндірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу