Шымкент қаласының Абай ауданындағы Ақниет шағынауданында, Раугаш көшесінде жеке тұрғын үйдің шатыры мен шаруашылық құрылысы өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Өртті сөндіру барысында тұрғын үйдің шатыры мен шаруашылық құрылысы 175 шаршы метр аумақта отқа оранғаны анықталды. Сонымен қатар көршілес ауладағы шаруашылық құрылысының шатыры 3 шаршы метр аумақта өртенді.
– Өрт сөндіру жұмыстары барысында 25 литрлік екі газ баллоны мен автокөліктің газ қондырғысына тиесілі 65 литрлік баллон қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда, – делінген хабарламада.