Үйінің жертөлесінде марихуана өсірген ер адам ұсталды

267

Шымкентте жедел іздестіру барысында жертөледен арнайы жабдықталған фитозертхана табылды.  

Үйінің жертөлесінде марихуана өсірген ер адам ұсталды Фото: polisia.kz

Тексеру барысында құрамында есірткі заты бар өсімдік – марихуана, сондай-ақ оны өсіруге арналған техникалық құралдар тәркіленді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ер адам жертөлені тыйым салынған өсімдіктерді өсіруге бейімдеп, арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен.

Күдікті өткен жылдан бері ірі көлемде есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқаны белгілі болды.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу