Шымкентте үш қабатты үйдің балконы опырылып құлады

396

Зардап шеккендер жоқ.  

Шымкентте үш қабатты үйдің балконы опырылып құлады Фото: otyrar.kz

Шымкентте үш қабатты тұрғын үйдің балконы опырылып құлады, inbusiness.kz otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 31 қаңтар күні күндіз Тәуке хан даңғылы мен Қазыбек би көшесінің қиылысында тұрған үйде болған.

Алдын ала болжам бойынша, балкон қар мен мұздың көп болуына байланысты құлаған.Үйінділер үйдің алдындағы алаңға құлап, екінші қабаттағы кондиционер мен бірінші қабаттағы үй-жайдың күнқағарына зақым келтірді. Абырой болғанда, төменде адамдар болмаған. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында ТЖ басқармасы, аудан әкімшілігінің мамандары мен құтқарушылар болды.

Қалалық ТЖД мәліметіне сәйкес, құтқарушылар тұрғын үйдің шатырындағы қар мен мұзды түсірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу